Атырау, 29 қыркүйек 12:24
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

468 просмотра

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңге болған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


29 тамыз 2023, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.