Атырау, 29 қыркүйек 12:33
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады

913 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, - деп хабарлайды  Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.


25 тамыз 2023, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.