Атырау, 29 қыркүйек 12:25
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ер адамның әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалған. Күдікті анықталды

1 199 просмотра

Алматы полицейлері дүкендердің бірінде қызды кеудесінен ұстаған ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол басқа өңірдің тұрғыны екені белгілі болды.

"Бостандық аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны", - деп түсіндірді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

"ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша материалды өндіру соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдау үшін Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілді", - деп хабарлады Алматы полициясы.

Қыздың айтуынша, полицейлер оған тәртіпбұзушы Алматыда емес екенін айтқан.

Еске салайық, бұған дейін жәбірленуші қыз супермаркеттегі видеоны жариялаған болатын. Кадрларға қарағанда, ер адам мас күйде болған. Оның қасында тағы бір адам болды.


25 тамыз 2023, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.