Атырау, 19 желтоқсан 21:08
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Атырау облысы көш бастап тұр

1 551 просмотра

2022 жылғы Қазақстанның өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 103,7 трлн теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлемде 3,2% жоғарлады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылы ЖІӨ құрылымындағы ең көп үлес Алматы қаласына тиесілі – 18,5%, одан кейін Атырау облысы – 13,2%, үштікті Астана қаласы түйіндейді – 10,3%. ЖІӨ-дегі ең аз үлес Жетісу облысында – 1,4%.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2022 жылы 5 284,7 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде Атырау облысы (19 974,1 мың теңге), сондай-ақ Алматы (8 985,6 мың теңге) және Астана (8 053,9 мың теңге) қалалары жетекші орындарда, ал соңғы позицияларда Жамбыл (2212,2 мың теңге), Жетісу (2042,1 мың теңге) және Түркістан облыстары (1671,8 мың теңге).

ЖӨӨ өсуінің жоғары қарқыны Ақмола облысы (7,7%), Шымкент қаласы (6,8%) және Солтүстік Қазақстан облысында (5,6%) байқалды.

2022 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ үлесі 0,97%-ға қысқарды және ЖІӨ-нің 18,78% құрады.

Жалпы өңірлік өнімдегі байқалмайтын экономиканың ең көп үлесі Түркістан (33,93%), Жетісу (32%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (24,07%), ең аз үлесі Маңғыстау (12,97%), Ұлытау (12,25%) және Атырау (11,19%) облыстарында байқалды.

24 тамыз 2023, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS