Атырау, 29 қыркүйек 14:29
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматыда вейп сататын жасырын орын анықталды: 80 миллион теңгенің өнімі тәркіленді

676 просмотра

Электронды темекіні (вейп) заңсыз көтерме саудалау қызметі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электрон темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.

"Тінту кезінде жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын 55 мыңнан аса электрон темекі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-ның 201-бабы талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

"Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алуларына назар аударуын сұраймыз", - делінген ҚМА хабарламасында.

24 тамыз 2023, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.