Атырау, 29 қыркүйек 14:37
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімін қайдан көруге болады

939 просмотра

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды, деп хабарлдайды Informburo.kz.

 ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бүгін жарияланатынын хабарлады. Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды.

"Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.
Грант конкурсының қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады.


23 тамыз 2023, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.