Атырау, 29 қыркүйек 14:32
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Сырдариядағы қайғылы оқиға: суға батып кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды

777 просмотра

Түркістан облысында Сырдария өзеніне суға батып кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәліметінше, 23 тамызда сағат 10:40-та құтқарушылар суға батып кеткен тағы бір адамның мәйітін тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суға кеткен 10 адамның мәйітін тауып, судан шығарды. Бір адамды іздеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткенін, құтқарушылар тоғыз адамның мәйітін тапқанын хабарланған едік.

Табылғандардың екеуі - әйел, тоғызы - бала. Балалардың ең кішісі төрт жаста.

Кейінірек әлеуметтік желіде олардың суға шомылуға бармағаны, көпір сынып, адамдар содан кейін суға батқаны туралы ақпарат тарады. Алайда мұны Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Запаров растамады.


23 тамыз 2023, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.