Атырау, 22 желтоқсан 11:16
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Интернет жылдамдығының рейтингінде Қазақстан қай орында?

1 045 рет қаралды

Саяхаттаушылардың көпшілігі үшін интернеттің сапасы, жылдамдығы мен қолжетімділігі өте маңызды. Міне осыған орай Speedtest Global Index интернет ең жылдам елдер мен қалалар тізімін жариялады", - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жаңа зерттеуде мамандар 2023 жылы 179 елдің 200 қаласындағы мобильді интернет пен кең жолақты қолжетімділікті өлшеді.

Әлемдік сервис мәліметінше, мобильді интернет рейтингінде Қазақстан 6 саты жоғарлапты, алайда бәрібір топ-50 тізімге кірмейді.

Біздің ел орташа алғанда секундына 34,06 мб жылдамдықпен 68-орыда тұр.

Ал интернеттің кең жолақты қолжетімділік жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 94-орында екен.

Зерттеу ең жылдам интернет (200,24 мб/с) Біріккен Араб Әмірліктерінде екенін көрсетті. Екінші орында - Катар (182,98 с/мб). Ал үшінші Кувейт (152,95 с/мб).

ТМД елдерінің орны келесідей:

  • Әзірбайжан 59-орын;
  • Қазақстан 68-орын;
  • Армения 81-орын;
  • Қырғызстан 82-орын;
  • Ресей 96-орын;
  • Өзбекстан 107-орын;
  • Беларусь 132-орын;
  • Тәжікстан 133-орын.
23 тамыз 2023, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.