Атырау, 29 қыркүйек 14:26
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр

535 просмотра
Қырғыз-қазақ шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісі. 22 тамыз 2023 жыл.

22 тамызда Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ тілек" өткізу бекетіндегі тас жолда жүк көліктері ұзын-сонар кезекке тұрып қалды. Азаттық тілшісімен сөйлескен жүргізушілер қазіргі уақытта шекарада 500-ден астам көлік кезекте тұр дейді. Олардың сөзінше, Қазақстан тарабы күніне тек бес-алты көлік өткізіп жатыр, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

21 тамыз күні кешке Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекарада 370-ке жуық көлік тізіліп тұрғанын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, 20 тамызда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан тарабы тек үш автокөлікті өткізген. Қырғызстан шекара қызметінің өкілдері автокөліктерді баяу өткізу мәселесін анықтау үшін Қазақстан шекарашыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа көлік кептелісінің себебі кеден қызметінде емес деп айтты. Қазақстан ҰҚК шекара қызметі бұл оқиғаға әлі түсініктеме бермеді.

Шекарадағы жүк тасушы көліктердің кептілісі осыған дейін бірнеше рет тіркелген. Соңғы рет үлкен кезек маусым айында болды. Қырғызстан шекара қызметі кезектің көбеюіне ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының ұлғаюы себеп болды деген.

23 тамыз 2023, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.