Атырау, 29 қыркүйек 14:24
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

"Сергек" камераларының жазбасы қайда сақталады?

870 просмотра

Әлеуметтік желілерде "Сергек" көше камералары қазақстандықтар туралы ақпаратты Қытайға жіберетіні туралы жазба тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желі қолданушылары 2019 жылы да "Сергек" камералары Қытайда шығарылғаны, сондықтан қазақстандықтар туралы ақпарат шетелге жіберілетіні туралы айтқан болатын.

Басылым мәліметінше, бұл шындыққа жанаспайды. Оның бағдарламасы мен жұмыс алгоритмдерін қазақстандық IT мамандар жасаған. Бұл бағдарламаны әзірлеушілер - "Көркем Телеком" компаниясы.

2021 жылы компанияның басқарма төрағасы Әсет Ахметов халықтың қауіпсіздігіне байланысты IT шешімдер тәуелсіз болуы аса маңызды екенін айтқан.

Sergek Group баспасөз қызметі мәліметінше, "Сергек" камералары жинаған деректер басқа елдерге берілмейді.

"Сергек" қоғамдық қауіпсіздік жүйесі камераларынан алынған деректер 30 күн, ал жол қозғалысы ережелері бұзылғаны туралы деректер қазақстандық серверлерде мерзімсіз сақталады. Деректер құқық қорғау органдары үшін қолжетімді.

"Сергек" камераларындағы деректерді шетелдегі үшінші тұлғаларға беру мүмкін емес", - делінген ведомство хабарламасында.

Демек, "Сергек" камераларының деректері Қытайға берілетіні туралы ақпарат фейк. Камералар арқылы жиналған деректер қазақстандық серверлерде сақталады және шетелге жіберілмейді.

22 тамыз 2023, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.