Атырау, 29 қыркүйек 14:33
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Елімізде нан бағасы қымбаттай ма?

583 просмотра

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда нан бағасының көтерілуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тілшілер сауалына жауап берген министр әзірге ұн мен нан өнімдерінің қымбаттауына алғышарттардың жоқ екенін мәлімдеді.

«Нан бағасы екінші жыл қатарынан арзандап келеді. Әрине, бидай құны белгілі бір қиындықтар туғызып жатыр. Дегенмен қазіргі уақытта біз бидай бағасын тұрақтандыру үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. 15 қыркүйекке дейін азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алу бағасын жариялап қалуы мүмкін», - деді Е. Қарашөкеев.

Министр ұн мен нан өнімдерінің бағасын көтеруге негіз жоқ екенін тағы бір қадап айтты.

«Тұтынушылар тұрғысынан алғанда, жағдай тұрақты болып тұр», - деді ол.

22 тамыз 2023, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.