Атырауда қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді, деп хабарлайды ҚМА.
Аталған азаматтар «QazHome» тұтыну кооперативінің жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан кіріс алу, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлу және басқалардың жарналары есебінен байыту қызметін ұйымдастырды.
Осы факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Атырау облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр.
Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Олардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды. Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.