Атырау, 29 қыркүйек 14:35
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

HRW: Сауд Арабиясының шекарашылары эфиопиялық жүздеген мигрантты өлтірген

855 просмотра

Сауд Арабиясының Эфиопиядан келген шекарашылары жүздеген мигрантты өлтірген. Бұл туралы Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы кезекті есебінде хабарлады.

Ұйымның мәліметінше, Сауд Арабиясының шекарашылары мигранттарды атқан, темірмен және таспен ұрған. Құқық қорғаушылар 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың маусымына дейін Йемен арқылы Сауд Арабиясына өтпек болған эфопиялық 38 мигрантпен сөйлескен. Бұған қоса, HRW өкілдері жүздеген видеоға, фотоларға және спутник суреттеріне де сараптама жасаған, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Мигранттар құқық қорғаушыларға "саудиялық шекарашылар мылтықпен және минометпен атқылағанын, 14 мигрант шабуылды жанынан көргенін я өздері жараланғанын" айтқан. HRW ұйымымен сөйлескен мигрант "аман қалғандарды таспен және темірмен соқты" деген. 17 жастағы бозбала "шекарашылар екі қызды зорлауға мәжбүрледі, бас тартқандарды дарға асты" деп айтқан.

HRW ұйымы өкілдерімен сөйлескендер "әйелдердің, еркектердің, балалардың шашылып жатқан мәйіттерін көрдік, кейбірінің мәйіті бөлшектелген" деген. Құқық қорғаушылар бұл фактіні мигранттардың видеолары мен геолокацияны анықтау арқылы тексеріп, растаған. Бұған қоса есеп авторлары лагерьлердің маңында зираттардың көбейгенін, шекара маңында бекеттердің кеңейгенін анықтаған.

HRW Сауд Арабиясы мен Йемен шекарасында мигранттардың өлімін 2014 жылдан бері тіркеп келеді. Ұйым "кейінгі кезде мигранттарды әдейі өлтіру белең алып бара жатқанын" айтып, дабыл қағады. Құқық қорғаушылар шекарада адам өлтіру қазір де болып жатыр деп топшылайды.

HRW Сауд Арабиясын мигранттарды өлтіруді дереу тоқтатуға, БҰҰ-дан тексеру жүргізуге шақырды.

22 тамыз 2023, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.