Атырау, 24 қараша 02:13
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жұмыссыздыққа жол жоқ

1 075 просмотра

2022-2025 жылдарға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 28 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған.

- Жаңа жұмыс орындары облыста іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде құрылды. Есепті кезеңге ашылған 17 098 жұмыс орнының 10 389-ы тұрақты және 6 709-ы уақытша жұмыс орындары, - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ. – Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орындары құрылыста - 2 066, көтерме және бөлшек саудада - 924, білім беру саласында - 803, көлік және қоймалау саласында - 519, ауыл шаруашылығында - 383, өнеркәсіпте - 337, денсаулық сақтау саласында - 214 және экономикалық қызметтің басқа түрлерінде - 5 143 жұмыс орындары құрылды.

Жаңа жұмыс орындарын ашудан бөлек, жұмыспен қамту іс-шаралары да қарқынды жүргізілуде. Қысқа мерзімді оқу курстарына 625 адамды жергілікті бюджет есебінен және «Теңізшевройл» мекемесі арқылы 705 адамды оқыту жоспарланды. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өңірлік комиссия отырыстарында 15 кәсіптік оқу орнының тізімі бекітіліп, қала мен аудандарға оқыту бағытындағы жұмысты ұйымдастыру үшін жолданды. Кәсіптік бағдарлаумен 11 982 жұмыссыз қамтылып, 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар берілді. Жыл басынан бері екі кезең бойынша өтініштерді қабылдау жүргізіліп, 173 адамның бизнес-жобасы мақұлданды.

Айта кетейік, бос жұмыс орындарын жариялау «Электронды еңбек биржасы» және Мансап орталықтары арқылы жүзеге асады. Басқарма өкілдері жыл басынан бері 73 мекемемен бірлесіп, 2 мыңға жуық ваканттық жұмыс орындарын жариялаған. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 тамыз 2023, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.