Атырау, 8 мамыр 13:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Пәтерден өрт шыққан жағдайда не істеу керек – ТЖД кеңесі

679 просмотра

Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник Ерлан Әлібеков пәтерде өрт болған жағдайда не істеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің айтуынша, Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде өрт шыққан кезде тұрғындар үрейге бой алдырып, дүрбелеңге түскен.

«Мұндай жағдайда үрейге бой алдырмай, тыныштық сақтау керек. Өз бетінше эвакуация жасап, көшеге шығуға тырысқан жөн. Егер өрт шығуға мүмкіндік бермесе, мақта-дәке таңғышын қолданып, пәтер есігінен ең алыс жер – таза ауа ағыны бар балконға шыққан дұрыс. Онда түтінді сыртқа шығармау үшін есікті мықтап жауып, дымқыл шүберектерді қолдану керек. Кейін балконда көмекті күте тұруға болады», - деді Ерлан Әлібеков.

Еске салайық, кеше Алматыда 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік. Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген.

Өрттен қашқан тұрғындар балаларын терезеден лақтырды. Зардап шеккендердің ішінде 2 жүкті әйел бар. Кейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады. Марқұм Әсел Бекмұхаметованың отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Марқұмды жерлеу рәсімі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота ауылында өтеді.

«Ақкент» тұрғын үй кешенін салушы компания Әсел Бекмұхамбетованың отбасына екі бөлмелі пәтер беретін болды.

Осы өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды.


2 тамыз 2023, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.