Атырау, 8 мамыр 20:40
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Астанада ер адам парашютпен секіру кезінде қайтыс болды

694 просмотра

Астана қалалық полиция департаменті Tengritravel.kz тілшісіне берген сұхбатында Sky Dive Astana парашютшілер клубында болған оқиға туралы айтып берді.

58 жастағы ер адам парашютпен секіргеннен кейін ауыр жарақат алып қайтыс болды. Зардап шеккен ер адам көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

"31 шілдеде Алматы аудандық ПБ кезекші бөліміне қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде науқастың қайтыс болғаны хабарланды.

58 жастағы ер адамды Астана - Көкшетау тасжолында орналасқан парашютшілер клубынан жедел жәрдем каретасы алып кеткен. Ол жансақтау бөліміне ауыр жарақатпен түскен", - деді ПБ өкілдері.

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.


2 тамыз 2023, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.