Атырау, 8 мамыр 10:10
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" директорлар кеңесіне жетекшілік етеді

946 просмотра

Қазақстандық байланыс операторы "Транстелеком" компаниясының директорлар кеңесіне экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев жетекшілік етеді. Бұл ақпаратты дүйсенбі күні Қазақстандық қор биржасы (KASE) жариялады, деп жазады Azattyq.org.

Шешім акционерлердің ортақ жиынында 25 шілдеде қабылданған.

"Транстелеком" сайтындағы ақпаратқа қарағанда, Нұрәлі Әлиев компанияның директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2016 жылы 4 тамызда енген. 2018 жылғы акционерлер жиынының кезектен тыс хаттамасында Нұрәлі Әлиев кеңес мүшесі деп көрсетілгенМұны 2018 жылы компания сайтындағы жарияланған ақпарат та растайды.

Әлиевтің директорлар кеңесінің жетекшісі болып сайланғаны туралы ақпарат президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты тамыр-таныстыққа жол бергені үшін айыптаған шақта жарияланып отыр. Бұрынғы президенттің көптеген туысы үкімет, арнайы қызмет және мұнай-газ саласында ықпалды қызметтер атқарған.

Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президенттің кейбір туыстары жемқорлық бабымен түрмеге кесілді немесе қызметтерінен айырылды.

  • Дариға Назарбаева мен оның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтің (2015 жылы Австрия түрмесінде жұмбақ жағдайда қаза болған) үлкен ұлы 38 жастағы Нұрәлі Әлиев 2014-2016 жылдары Астана әкімінің орынбасары болған. Оған дейін "Транстелеком" компаниясы басқарма бастығы болған. 2016 жылы Әлиев осы компанияның директорлар кеңесінің құрамына енген.
  • Forbes нұсқасы бойынша, Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде Нұрәлі Әлиев 29-орында тұр. Журнал оның байлығын 249 млн долларға бағалаған.
  • 2022 жылы ақпанда "Транстелекомның" кезектен тыс акционерлер жиыны екі рет өтпей қалды. Компания оған кворумның болмауы себеп деп түсіндірген.
2 тамыз 2023, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.