Атырау, 5 мамыр 05:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

СҚО-дағы шошқа фермасында 4 жұмысшы көз жұмды

552 просмотра

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы «EMS AGRO» ЖШС шошқа кешенінде болған. Бұл жерге өңір басшысы Айдарбек Сапаров барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ЖШС-нің төрт жұмысшысы ауысым аяқталғаннан кейін Тайынша ауданы Новоивановка ауылындағы бордақылау алаңынан жұмыс орнынан шықпаған. Тереңдігі 8 метр кәріз жинағышын тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды»,-деп хабарлады СҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған.

Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі “Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады

Оқиғаға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров және оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов барған.

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылып,себептері анықталуда.

 «Тайынша ауданындағы кәсіпорында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын.Адам өлімі туралы біліп, сол күні оқиға орнына бардым. Оқиғаның себептерін анықтайтын арнайы комиссия құруды тапсырдым», - деп жазды Айдарбек Сапаров.

2 тамыз 2023, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.