Атырау, 5 мамыр 01:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

492 просмотра

2 тамызда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктер мәліметінше, дүйсенбіде Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз ауа райында мына сақтық шаралары ұсынылады:

  • - ашық ауада, әсіресе тасжолдар немесе басқа ластаушы көздер маңында уақыт өткізуді қысқарту;
  • - балалар мен жүкті әйелдер далада ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;
  • - созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар далада жүргенде - қажетті дәрі-дәрмектері болуы керек;
  • - ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу;
  • -дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу.


2 тамыз 2023, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.