Атырау, 22 желтоқсан 09:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 1 адам қаза болып, 43-і зардап шекті

514 рет қаралды

Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен 1 адам қаза болып, 43-і зардап шекті

Бүгін Алматының Алатау ауданы, Ақкент шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан 1 адам көз жұмып, 43 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Көпқабатты үйдегі өрт бойынша 23 жедел жәрдем, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.

12 ересек адам қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды. Басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты.

Бір әйел көптеген ауыр жарақаттардан қаза болды.

Тұрғын үй кешенінің кейбір тұрғындарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.


2 тамыз 2023, 07:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.