Атырау, 5 мамыр 07:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Туған сәбиін өлтірген Ақтөбе тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды

598 просмотра

Өзінің 4 жасар баласын өлтірді деп айыпталған Артур Ахунов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот үкімі оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Артур Ахунов Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қауіптілігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтесін. Мұндай жағдай қайталанбас үшін облыстық полиция департаментінің бастығына, облыстық білім басқармасының басшысына жеке қаулы шығарылды. Олар Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім туралы хабарлауы тиіс , - деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Тараптар 15 күнде апелляциялық шағым түсіре алады.

Еске салсақ, былтыр 4 жасар Данил Ахуновтың жолғалып кеткені туралы полицияға хабар түсіп, іздеу жұмыстарына еріктілер де араласты.

Кейін полиция баланың әкесін қамап, денесін қайда көмгенін айнықтады.

Бұған дейінгі сот отырысында сотталушы Артур Ахунов бәрі де жазатайым оқиға екенін, балалары төбелескенде Данилдың құлап, басын жаралағанын алға тартты. Прокурор жарыссөзде өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал, бүгін түске дейін сотталушы Артур Ахуров сотта соңғы сөзін айтты.

«Балам Данилдың өліміне кінәлі деп танымауыңызды сұраймын. Мен бар баламды жақсы көремін. Маған мүмкіндік беріп, жағдайды өзгертуге болады деп ойлаймын. Екі балам бар. Анам инсульт алған. Бар өмірімді анама, балаларға арнағым келеді. Менің сөзімді естисіз деп ойлаймын», - деді сотталушы Артур Ахунов.


1 тамыз 2023, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.