Атырау, 22 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Швейцариялық Stadler компаниясы елімізде 2030 жылға дейін 537 заманауи жолаушылар вагонын шығарады

705 рет қаралды

Швейцариялық Stadler компаниясы елімізде 2030 жылға дейін 537 заманауи жолаушылар вагонын шығарады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теміржол машиналарын жасауды дамыту нарықты локомотивтермен, жүк және жолаушылар вагондарымен толықтыру міндеттерін шешуге бағытталатын болады. Бұл Швейцария, АҚШ және Франция инвесторларымен бірлесе жүзеге асады. Мысалы, Stadler 2030 жылға дейін арба, вагонның дәнекерленген шанағы, климаттық қондырғы сияқты отандық компоненттерді пайдалана отырып, жаңа заманауи жолаушылар вагондарының 537 бірлігін, сондай-ақ интерьер, экстерьер, электр жабдықтарының 20 элементін шығарады», - деді Марат Қарабаев.

Оның атап өтуінше, ЗИКСТО компаниясы жайлылығы жоғары 300-ден астам жолаушылар вагонын құрастырады.

«2030 жылға дейін теміржол машина жасаудың барлық бағыттары бойынша жергілікті қамту ұлғайтылады. Болат дайындамаларын өндіру бойынша ірі жобаларды іске асыру машина жасаушыларды қажетті шикізатпен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта өндірісте ресейлік дайындама пайдаланылады. Іске қосылатын жобаларда отандық өндіріс қазақстандық болат негізінде қалыптасатын болады», - деді министр.

1 тамыз 2023, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.