Атырау, 6 мамыр 16:28
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп автомобиль шығарады

421 просмотра

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Өзбекстанмен бірлескен жобалар жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Жоспарланған жобалардың ішінде Ресей, Қытай, Өзбекстандағы серіктестермен іске асыратын біріккен жобалар да бар.Мәселен, Өзбекстанмен бірлесе отырып, автомобиль өндірісі ұйымдастырылды (Chevrolet ONIX), сондай-ақ, тұрмыстық техника мен лифт жасау бойынша да жобалар іске асырылуда.Ресейлік серіктестермен алюминийден жасалған дисктер, сондай-ақ, теміржол машина жасау секторына арналған құрамдауыш бөлшектер өндірісін  ұлғайтамыз. Қытайлық инвесторлар бұрғылау қондырғыларының және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін дамытуға қолдау көрсететін болады (LOVOL)», - деді Марат Қарабаев. 

Ол атағандай, теміржол машиналарын жасауды дамыту нарықты локомотивтермен, жүк және жолаушылар вагондарымен толықтыру міндеттерін шешуге бағытталады. 

«Бұл Швейцария (Stadler), АҚШ (Wabtec) және Франция (Alstom) инвесторларымен бірлесе жүзеге асады.Мысалы, Stadler 2030 жылға дейін арба, вагонның дәнекерленген шанағы, климаттық қондырғы сияқты отандық компоненттерді пайдалана отырып, жаңа заманауи жолаушылар вагондарының 500 бірлігін, сондай-ақ интерьер, экстерьер, электр жабдықтарының 20 элементін шығарады», - деді министр. 

1 тамыз 2023, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.