Атырау, 7 мамыр 08:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Аланиядағы жол апатында ауыр жарақат алған қазақстандық турист қайтыс болды

558 просмотра

Түркияның Алания аумағында болған жол апатынан қазақстандық турист көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл хабарды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«Аланиядағы апаттан зардап шеккен жолаушылардың бірі бүгін таңертең ауыр жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды. Қаза тапқан ҚР азаматының ұлы бүгін Анталияға келді және қазір біздің дипломаттармен бірге. Оған бүкіл қажетті көмек көрсетіледі», - деп жазылған ҚР СІМ хабарламасында.

Еске салайық,түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобус Аланиядағы Okurcalar Mahallesi D-400 трассасында жүк көлігіне соғылған.

Салдарынан көлік жүргізуші мен гид (Украина азаматы) оқиға орнында көз жұмды.

Апат орнына полиция мен медицина бригадалары дереу жіберілген. Көлікте болған 12 туристің алтауы ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Бүгін жол апатынан екі қазақстандық жарақат алғаны, оларға ота жасалғаны хабарланды.

31 шілде 2023, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.