Атырау, 7 мамыр 04:17
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлді

461 просмотра

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында бакалавриат бағдарламалары бойынша 850 білім беру грантын бөлді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Білім беру грантына кімдер үміткер бола алады:

  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
  • төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде (жыл сайын) төленеді.

Грант, жоғары оқу орындарының тізімі және грант саны бойынша толық мағлұматпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

31 шілде 2023, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.