Атырау, 6 мамыр 21:00
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Елге көшіп келген қандастарға қандай қолдау көрсетіледі - Ташкенттегі кездесу

403 просмотра
Сурет: gov.kz

30 шілде Өзбекстан Республикасындағы айтулы мереке Халықтар достығы күніне орай Ташкент қаласында орналасқан Қазақ Мәдени орталығында қандастармен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хорезм, Бұхара, Науаи, Жызақ, Сырдария және Ташкент облысынан келген мәдени орталық басшылары мен ұлт зиялылары маңызды іс-шарада өзара пікір алмасты.

Кездесуде қоғам президенті Абзал Сапарбекұлы «Отандастар қорының» шеттегі және елдегі атқарған жұмыстары мен жоспарлары туралы әңгіме өрбітті.

А.Сапарбекұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанда өткен ұлттық құрылтайдағы «Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз. Бұл мәселе – менің жеке назарымда.»-деген сөзін еске сала отырып, қандас жастарға, елге көшіп келетін қандастарға арналған мемлекеттік қолдауға кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде, қандастарымыз қазақ мектептеріндегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру, жастардың Қазақстанда ЖОО түсу үшін ҰБТ тапсырудағы қиындықтар, қазақ тілінде кітаптар мен мәдени іс-шараларға деген сұраныстар туралы өз ойымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.

Жиын соңында, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен «Нұрлы жол» газетінің редакторы Ғұламзәкір Юсупов пен «Кенимех таңы», «Тамды шаруагері» газетінің шығарушы редакторы Гүлдана Нарынбетова марапатталды.

Сондай-ақ, бірқатар қазақ орталықтарына ұлттық би көйлек топтамалары мен Отандастар қорының «Әр қазаққа бір кітап» акциясы шеңберінде жиналған кітаптар тарту етілді.

31 шілде 2023, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.