Атырау, 27 қараша 15:37
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Жұмыс жасалып жатыр»: облыс әкімдігі өрт қауіпсіздігімен қалай айналысып жатыр

1 172 просмотра

Облыс әкімдігінің ауаның ластануына, бірінші кезекте, қамыстағы өртке қатысты қабылдаған, бірақ күні бүгінге дейін орындалмаған шешімдері туралы «АЖ» жарияланымынан кейін облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ неліктен осы мәселеге қатысты жоспардың әлі орындалмағанын және бүгінде қандай шаралар алынып жатқанын егжей-тегжейлі түсіндіру үшін тілшімізге хабарласқан еді. 

Жасұлан Бисембиев. Сурет: ӨКҚ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БОЙЫНША

– Жұмыс үздіксіз жүріп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің «Ақжайық» резерватымен және облыстың төрт орман шаруашылығы мекемесімен бірлесіп атқаратын жұмысының ведомствоаралық жоспары бекітілді. Маусым айында өрттің алдын алу бойынша тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Биыл өртке қарсы қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыру күшейтіледі, - деді Бисембиев.

Оның айтуынша, биыл ТЖД үшін жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 5 бірлік арнайы техника, оның ішінде жол талғамайтын екі көлік, екі жедел әрекет ету көлігі, бір автобаспалдақ сатып алу жоспарлануда.

Сондай-ақ өрт-техникалық жабдықтар:

көбікті ұңғы Пурга 2 - 7 бірлік,

қол ұңғысы РСК-50 - 46 дана,

қол ұңғысы РСК-70 - 10 дана,

мотопомпа - 5 дана,

бензинді ара - 3 дана,

аспалы қайық, мотор - 6 дана,

бүріккіш STIHL SR 430 — 130 дана.

- Барлық конкурстық рәсімдер шілде айында басталды, техника осы жылдың соңына дейін жеткізілмек. Бұл жетуі қиын жерлерде, соның ішінде «Ақжайық» резерватындағы өртті сөндіруге мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

 

ОРМАНШЫЛАР БОЙЫНША

Ж.Бисембиевтің айтуынша, бүгінде нормативке сәйкес орман шаруашылығы мекемелеріне қосымша 38 штат бірлігі бөлінген. Жергілікті бюджеттен барлық орман мекемелеріне өрт сөндіру техникасын, оның ішінде «Өрт сөндіруші 4-10», спринклер рюкзактарын (моторлы өрт сөмкесін), орман өртіне қарсы моторлы сорғы, жылжымалы баллистикалық құралды, стационарлық рацияны, өртке қарсы костюмдер сатып алуға 272 млн теңге бөлінді.

– Өздеріңіз білесіздер, облыс әкімдігі «Ақжайық» қорығын коммуналдық балансқа беру мәселесіне бастамашы болып, бұл ұсыныс Экология министрлігіне жолданды. Бірақ ол жақта бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң нормаларына қайшы келеді деп есептейді. Соған қарамастан, министрлік резерваттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлді, - деді Бисембиев.

Атап айтқанда, бұлар AЦ 3.2-40/4 өрт сөндіру көлігі, XCMG WZ30-25 экскаватор-тиегіші, УАЗ-390945 шағын орман патрульдік кешені, АЦ 5-40 ЗИЛ өрт сөндіру көлігі, МТЗ-82-ге ұқсас екі трактор, бес дискілі тырмалар, 40 орман өртін сөндіргіштер, 45 рация.

 

ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГ БОЙЫНША

Әрі қарай, Ж.Бисембиевтің айтуынша, биыл өрттерді алдын ала анықтау үшін ғарыштық мониторинг жүйесін пайдалану енгізілген. Жүйе үш сағат ішінде бүкіл облыстың жылу картасын алуға мүмкіндік береді.

– Мәселен, осы жүйенің арқасында 22 шілдеде қамыстың тұтанғаны анықталып, «Ақжайық» МТР қызметкерлеріне өрт ошағын тез арада жоюға мүмкіндік берді. 27 шілдеде өткен облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар 6 тепловизор сатып алуға қаржы бөлуді мақұлдады, оның 3-еуі «Ақжайық» ТМР балансына беріледі, қалғаны басқа өрт қаупі бар аумақтарға орнатылады, – дейді Ж.Бисембиев. – Бұл іс-шаралар кешені өртке дайын болып, дер кезінде сөндіруге ғана емес, өртке қауіпті жағдайлардың алдын алып, қадағалауға мүмкіндік береді. 

Айнұр САПАРОВА

30 шілде 2023, 03:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.