Атырау, 27 қараша 15:28
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қамыстағы «қауіпсіздік аймағы» жоспарда ғана бар

1 134 просмотра

Сәуірдің басында қала қамыс өртінен тараған көк түтінге тұншыққан кезде Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ әлеуметтік желіде Атыраудағы ауаның ластануына қатысты әкімдік қабылдаған шешіммен бөліскен еді. Өкінішке орай, солардың бірі де әзірге орындалған жоқ.

Облыс әкімдігі сол кезде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде балық аулауға және аңшылыққа тыйым салу, ол жерге адамдарды мүлде жібермеу үшін «Ақжайық» резерватының қорғалатын аумағын ұлғайтуды, резерваттағы жұмысшылар штатын көбейтуді, материалдық базаны нығайтуды, резерватқа қажеттінің барлығын жергілікті бюджет есебінен сатып алуды ұсынды. Одан бөлек, өртке қауіпті аумақта бейнебақылау камералары мен тепловизорлар орнату, сондай-ақ өрт сөндіретін тікұшақ сатып алу жоспарланды.

«АЖ» облыс әкімдігіне ресми сауал жолдады. Содан кейін облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Ризабек ДӘУЛЕТОВ тілшіні шақырып, сұрақтарына жауап берді. Білгеніміздей, биыл жыл басында республикалық бюджеттен өрт сөндіру және байланыс құралдары секілді техникаларға 285 млн 243 мың теңге бөлінген.  Қазір резерватта 86 адам қызмет етеді, 20 штаттан тыс қызметкер бар. Штат саны көбеймеген. Қаражат көзі бөлінбеуіне байланысты өртке қауіпті аймақта бейнебақылау камералары мен тепловизорлар орнатылмаған.

Айнұр САПАРОВА

27 шілде 2023, 03:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.