Атырау, 7 мамыр 08:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мұхтар Әбілязовтың ағасы неге Қазақстанға оралғанын айтты

608 просмотра

Мұхтар Әбілязовтың ағасы Қуаныш Нұртазин Қазақстанға не себепті оралғанын айтып, шетелде қашып жүргендерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол бұл туралы "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Мен іздеуде жүргенімді білген жоқпын. 2014 жылы ауруханадан шығып келе жатқанымда полиция ұстады. Сол кезде түсіндім. Маған "босқын" деген ат берді. Осы уақытқа дейін Литвада болдым", - дейді Қуаныш Нұрғазин.

Өзге елде жүріп, оның денсаулығы күрт нашарлаған. Бірнеше күрделі ота жасаған. Созылмалы ауруға шалдыққан. Ал кейінгі 5 жылда жиенімен байланысы үзілгендіктен, қаржылай қолдау да болмаған көрінеді. Ол Қазақстанға келу үшін Литваның саяси қамқорлығынан да бас тартқан.

Оның елге қайтуына Қазақстандағы демократиялық өзгерістер себеп болыпты. Ендігі өмірін туған жерінде балалары мен немерелерінің қасында өткізуді жоспарлап отыр. 2023 жылы 24 шілдеде ұшақпен Литвадан Стамбул арқылы Алматы халықаралық әуежайына келіп қонған.

"Ешқашан саясатқа араласпадым. Мен оған "Сен аралас, араласпа" деп айта алмаймын. Ол мені тыңдамайды. Менің еркім өзімде. "Жаңа Қазақстан" деп жатыр ғой, демократиялық өзгерістер болады деп сенемін. Сондықтан елге, жұртқа қайтуды шештім. Мен шетелде жүрген қашқындарға соттың әділ шешімі болатынын айтқым келеді. "Отан оттан да ыстық". Сондықтан қайту керек деп есептеймін", - деді күдікті.


27 шілде 2023, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.