Атырау, 4 маусым 00:09
 дождьВ Атырау +18.7
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Екібастұзда жанармай құю бекеті өртеніп жатыр

800 рет қаралды

Екібастұзда жанармай құю бекеті өртеніп жатыр. Өрттің тұрғын үй секторына таралу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жанармай құю бекетіндегі өрт 26 шілде күні сағат 13:24-те басталған.

"Қонаев 5 көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде төрт цистерна ашық жанып жатыр. Өрт жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне жақындап қалған. Өрттің өршу қаупі бар. Көршілес ғимараттарды күзету жұмыстары жүргізілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің видеосы.

Куәгерлер жарылыс болғанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, оқиға орнына 20 қызметкер мен 7 техника жұмылдырылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып, өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт болған жердің жанында азық-түлік дүкені бар.

"Көрші ғимараттарды күзету жұмыстары жүргізілді. Жеке сектордың үйлері жолдың арғы бетінде, өрттен 100 метр қашықтықта орналасқан. Сағат 15:00-де өртті оқшауландыру жұмыстары жүргізілді. Сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

26 шілде 2023, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.