Атырау, 12 қазан 03:17
 дождьВ Атырау +13.2
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Жаңаталап оқушыларының бір бөлігі лицейге ауыстырылады

976 рет қаралды

Қала іргесіндегі Жаңаталап ауылында мектеп болмағандықтан, жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныпта оқитын балалар жаңа «Сармат» мамандандырылған мектеп-интернатында білім алатын болады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ хабарлады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Сарматқа» Жамбыл атындағы мектепттегі бастауыш сыныптың 250 шақты оқушысы ауыстырылады.

- «Сармат» - мамандандырылған жаратылыстану-математикалық оқу бағдарламасын іске асыратын, ғылым негіздері мен әскери істі терең меңгеруге бағытталған, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу қызметтерін жүзеге асыратын оқу ордасы. Лицейге конкурстық негізде он екі жастан жоғары, оқуға түсетін жылы жалпы білім беру мектебінің 6-сыныбын бітірген, денсаулық жағдайы бойынша жарамды ер балалар қабылданады, - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Лицейде 7, 8, 9-сынып оқушылары бір ауысымда оқиды. Әр сыныпта 25 оқушыдан болады. 150 кісілік жатақхана және 100 кісілік асханамен қамтылған.

Айнұр САПАРОВА

28 шілде 2023, 02:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.