Атырау, 2 мамыр 07:55
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

ЕАЭО: Қазақстан бюджетіне 1,9 трлн теңге кедендік төлем мен салық түсті

343 просмотра

Биыл Еуразиялық одақ елдерімен бөліскеннен кейін Қазақстан бюджетіне 1,9 трлн теңге кедендік төлемдер мен салық түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тауар айналымын ұлғайту және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2023 жылдың 1-жартыжылдығында Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында бөлінгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі 1,9 трлн теңгеге жетті», - деді Елдос Саудабаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Департамент директорының дерегінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға жоғары. Түсімнің ішінде импортқа арналған қосылған құн салығы 890 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71 пайызға көп.

«Кедендік әкімшілендіру нәтижесінде 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 2022 жылдың 1-жартыжылдығына қарағанда кеден заңнамасын бұзушылық 38 пайызға артық анықталды», - деді ол.

26 шілде 2023, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.