Атырау, 2 мамыр 12:15
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Түркияның Қазақстандағы елшілігі 4 жасар қызды тепкен түркиялықтың әрекетіне қатысты пікір білдірді

497 просмотра

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі Алматы облысында түркиялық азаматтың бүлдіршінді тепкен оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматыда кішкентай балаға қатысты болған күш көрсету оқиғасын өкінішпен естідік. Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін, қалай және кім жасағанына қарамастан қабылдамайтынымызды жеткізе отырып, кішкентай балақай мен оның отбасына тез сауығып кетуін тілейміз», - деп жазды Түркия елшілігі әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Алматы облысының Қарасай ауданындағы сауда орталығында ер адам 4 жасар қыз баланы теуіп жіберген. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді. Күдікті жауап алу барысында оқиғаны баяндап, өз кінәсін толық мойындады.

Күдікті ұсталып, оған қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Жазасын мұнда өтегеннен кейін шетелдік ел аумағынан шығарылады.

26 шілде 2023, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.