Атырау, 2 мамыр 14:00
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға оралды

594 просмотра

Алматы қаласының әуежайында Қазақстанға өз еркімен оралған Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Нұрғазин Қуаныш ұсталды, ждеп хабарлайды Azattyq Ruhy

Ол Әблязов басқаратын «BSC» ЖШС-ның номиналды директоры. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған.

«Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған.

12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған.

Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді.   2023 жылғы 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 2023 жылғы 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті.

Жақын арада басты сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайтын болады.


25 шілде 2023, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.