Атырау, 30 қыркүйек 04:27
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ормандарда құрып кету қатерi төнген ағаштарды кесуге тыйым салынбақ

530 просмотра

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы" туралы бұйрық жобасын әзірледі. Тиісті құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес осы жылдың 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі қылқан жапырақтылар екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге, ағаш және отын сүрегін (0,5 метрден 2 метрге дейін) және тіректерді қоспағанда, сүректі тиісті өңдеусіз дөңгелек түрде өткізуге тыйым салынады.

Облыстардың әкімдеріне бұл тармақтарды жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау ұсынылады.

Құжатты жария талқылау 7 тамызға дейін жалғасады.

24 шілде 2023, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.