Атырау, 30 қыркүйек 04:18
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бір аптаның ішінде өзге елде тіркелген мыңдаған көлік уақытша есепке қойылды

508 просмотра

Ішкі істер министрлігі бір аптаның ішінде уақытша есепке қойылған шетелдік көліктердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

17 шілдеде Қазақстан бойынша өзге елде тіркелген шетелдік көліктерді уақытша есепке алу шаралары басталған болатын. Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, бүгінде мыңға жуық шетелдік көлік уақытша тіркеуге қойылды.

"Сонымен қатар мың жарым көлік жақын арада тіркеледі, яғни, олар барлық криминалистік тексерістен өтті. Енді ары қарай мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыру ғана қалды. Осы мүмкіндікті жіберіп алмай, барлығыңызды көліктеріңізді есепке қоюға шақырамыз", - деді Жамалиев бүгінгі онлайн брифингте.

Көлігін өзге елдің есебінен шығара алмағандар не істейді

Шетелдік көліктерді заңдастыру барысында көптеген жүргізуші өз көлігін өзге елдің есебінен шығара алмады. Ондай автокөліктерді заңдастыруды кейінге қалдыруға шешім қабылданды. Бірақ оларды уақытша тіркеуге қою қажет.

Уақытша есепке қою кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмір беріледі. Тіркеу туралы куәлікте "уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз" деген жазба бар. Ал шетелдік тіркеу құжаттары мен мемлекеттік белгілері мемлекеттік корпорацияға сақтауға тапсырылады.

Тіркеуге қойылған автокөліктерді елден тыс жерлерге әкетуге шешім қабылданса, Қазақстанның тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыру керек. Содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылады.

"Ал егер осы авткөліктерді Қазақстан азаматтары Қазақстанда бастапқы тіркеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса, алдымен, бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарады. Сосын 200 000 теңге мөлшерінде бастапқы тіркеу үшін алым төлейді. Яғни, оларға заңдастыру шарттары қолданылатын болады және утилизациялық алым төленбейді", - дейді мамандар.

24 шілде 2023, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.