Атырау, 22 желтоқсан 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсені сотқа берді

646 рет қаралды

Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды.

Айта кетейік, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 есеге қысқарды. 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны - 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері - 12.

Букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.

"Бүгінгі таңда мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай-ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.



24 шілде 2023, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.