Атырау, 30 қыркүйек 04:16
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

ТЖМ Комитет төрағасы мен екі өңірдегі ТЖД бастығын күзетпен ұстауға санкция берілді

471 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты комитет төрағасы және департамент басшылары жемқорлық күдігіне іліккенін жазған едік.

24 шілде 2023, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.