Атырау, 30 қыркүйек 06:36
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Әлі сөнген жоқ: Маңғыстауда кен орнындағы өртті сөндіруге 300 млн теңге жұмсалды

641 просмотра

Маңғыстау облысында екінші ай бойы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орны өртеніп жатыр. Мердігер компания төтенше жағдайды жоюға қазірдің өзінде 300 млн теңге жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.

Бірнеше күн бұрын мердігер компания газ-су қоспасын жабу үшін көлденең ұңғымаларды бұрғылауға кірісуі керек еді. Мамандар өртті сөндіру үшін сол ұңғыма арқылы арнайы ерітінді жіберуді ұсынды. Бірақ бұрғылау қондырғысына қажетті құжаттардың жоқтығынан жұмыс кейінге шегерілді.

Мұнай компаниясы өртті сөндіруге қазірдің өзінде миллиондаған қаржы жұмсалғанын айтты.

«Қазіргі уақытта өртті сөндіруге кеткен шығын 300 миллион теңгеден асты, бірақ бұл бастапқы ғана сома – шығын одан әрі өсе бермек. Мүмкін, адам факторы болған шығар, өйткені бәрі асығыс болып жатыр. Қазіргі өртпен арпадыс кезінде бәлкім, асығып жүріп тиісті қағазды реттеуді ұмытып кеткен шығар», - дейді «Бозашы мұнай» ЖШС бас директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Данияр Дүйсенбаев.

Ұңғыманы бұрғылау жұмыстары бүгін, 20 шілдеде басталады деп жоспарланып отыр. Мұнай компаниясы қыркүйектің соңына дейін апаттың ізі де қалмайды деп үміттенеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы алапат өрт бір жарым ай бұрын, яғни 9 маусымда сағат 03:25-те тұтанған болатын. 

20 шілде 2023, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.