Атырау, 25 қараша 16:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстық істерді тергеу аяқталды

4 530 просмотра

Рысқалиев басқарған қылмыстық қауымдастықтың әрекеті нәтижесінде мемлекетке және өзге тұлғаларға аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 71 млрд. теңгені құрайтын залал келтірілді.

Бұл туралы бүгін Қаржы полициясында өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, тергеу барысында қабылданған шаралар нәтижесінде 23,4 млрд. теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды.

«Одан әрі мемлекетке келтірілген залалды өтеу мақсатында айыпталушылардың жалпы құны 39 млрд. теңгені құрайтын 560 жылжымайтын және жылжитын мүлік түріне тыйым салынды, олардың ішінде 4 аяқталмаған құрылыс нысандары, 68 жер учаскесі, 116 бірінші және екінші сатыдағы нысандар (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңселер, пәтерлер мен басқа объектілер), 197 көлік құралдары, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы 19 үлес, 145 өндіріс құрал-жабдықтары, жалпы сомасы 1 млрд.100 млн. теңгенің 11 банк шоттары тәркіленді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Қаржы полициясы агенттігі Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстық істердің тергеуін аяқтады

Қаржы полициясы агенттігі Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары және мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жасалған сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды жасау фактісі бойынша қылмыстық істердің тергеуін аяқтады.
Аталған қылмыстық істерді тергеу барысында тергеу-жедел тобы 68 сараптама жасады, 750-ден астам адамнан жауап алды, 79 тінту жүргізді, 30 мыңнан астам құжаттарды алды.
Тергеу тобымен атқарылған жұмыс нәтижесінде Атырау облысының аумағында облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевпен құрылып, оның басшылығымен 6 жылдан астам уақыт (2006 жылдан 2012 жылдар аралығы) әрекет еткен қылмыстық қауымдастық жойылды.

Анықталғандай, Рысқалиев биліктік өкілеттікке ие бола тұра, мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында 35 адамнан құралған 3 ұйымдасқан қылмыстық топтан тұратын ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құрған.
Ол қылмыстық қауымдастықтың құрамына Атырау облысының басшыларын, яғни өзінің бірінші орынбасары Дәукеновты, орынбасары Әбдіровты, аймақтығы маңызды лауазымдарға өзі тағайындаған облыс әкімшілігінің басқарма бастықтарын, сондай-ақ өзімен сыбайлас кәсіпкерлер мен туысқандарын тартқан.
Өзі басқарған қылмыстық қауымдастықта ол билік иерархиясын және әр мүшенің рөлін нақты белгілеген.
Рысқалиев облысы әкімі лауазымына тағайындалғаннан кейін өзіне берілген биліктік өкілеттерін мемлекетке қарсы пайдалануға бел буып, тапсырылған бюджет қаражаты мен мемлекеттік мүлікті ұрлау үшін бірнеше қылмыстық схемаларды ойластырған.
Бюджеттік қаражат Рысқалиевпен сыбайлас және оның жақын туысқандарының бақылауындағы кәсіпорындарды мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңімпаз ретінде тану, олармен көрінеу жоғары бағаларға келісім-шарттарға қол қою, жұмыстарды атқарудың жалған актілері бойынша кәсіпорындарға негізсіз ақша қаражатты аудару және оны жалған кәсіпорындардың шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен ұрланып отырған.
Бұл қылмыстарды жасау үшін Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен Рысқалиевтің бақылауындағы кәсіпкерлер тартылған. Олар Рысқалиевпен құрылған негізгі ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйытқысына айналды.
Оған қоса, 2008 жылдың аяғында Р.Әлбақасов пен О.Павличенко оларға жүктелген қылмыстық рөлдерін атқара отырып, Рысқалиев басқаратын ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың ішінде жалған заңды тұлғаларды тіркеу және ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға аударумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топты құруға кірісті.
Бұнымен тоқтамай, 2010 жылы Рысқалиев қылмыстық қауымдастықтың құрамында коммуналдық мүлікті заңсыз жекешелендіруді жүргізетін тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топты құрған.
2010 жылдан бастап көрінеу төмен бағамен коммуналдық меншіктегі Атырау қаласы мен облыстың 7 ауданының газқұбырлары мен құрылымдары, ғимараттар мен жабдықтар және басқа мүліктік кешендер заңсыз жекешелендірілген.
Тергеудің 8 айында (2012 жылғы 21 тамыздан  2013 жылғы 18 сәуірге дейін) қылмыстық қауымдастықтың мүшелеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу, бюджет қаражатын ұрлау, жалған кәсіпкерлік, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, алаяқтық, жалған құжат жасау және қызметтік жалғандық жасау сияқты қылмыстар бойынша 73 қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық істің материалдары 400 томды құрады.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айыппен 11 адам қамауға алынды, олардың арасында облыс әкімшілігінің бұрынғы аппарат жетекшісі Керімов, қаржы басқармасының бастығы Жантеміров, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы Жиенбаев, «Госэкспертиза» РМК директоры Құралбаев, оған қоса сыбайлам кәсіпорындардың директорлары мен ұрланған ақша қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан тұлғалар бар.
10 адам үй қамауында, 2 адамға ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Ағымдағы жылғы 18 сәуірде аталған 23 тұлғаға айыптар тағылып, олардың қылмыстық істің материалдарымен таныстыру процедурасы басталды.
11 адамды сырттай қамауға алу туралы санкция беріліп, іздеуге жарияланды, олардың ішінде облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев, оның інісі Аманжан Рысқали және олардың күйеу балалары Әлбақасов, Желдібаев, Ізбасар, сондай-ақ оларға тәуелді фирмалардың директорлары мен құрылтайшылары бар.
Аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық істің материалдары бөлек өндіріске шығарылды.
Еске салсақ, 2013 жылғы 23 қаңтарда Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке бюджет қаражатын ұрлау, қызметтік өкілеттіген теріс пайдалану бойынша айып тағылып, сол күні ол іздеуге жарияланды. Ағымдағы жылғы 24 қаңтарда Атырау қаласының №2 сотының үкімімен оған қатысты сырттай қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Ағымдағы жылғы 25 қаңтарда Бергей Рысқалиевке қатысты қылмыстық қауымдастықты құру мен оны басқару, оған қоса ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оны басқару фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
2013 жылғы 20 ақпанда Қаржы полициясы агенттігі Бергей Рысқалиевке қатысты 2009 жылы өзінің туыстары А.Рысқали мен Р.Әлбақасов арқылы бопсалау жолымен М. деген кәсіпкерден жалпы сомасы 250 млн.теңгені құрайтын 3 кәсіпорынның жарғылық капиталдарындағы үлесі түрінде пара алу фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады
Рысқалиев басқарған қылмыстық қауымдастықтың әрекеті нәтижесінде мемлекетке және өзге тұлғаларға аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 71 млрд.теңгені құрайтын залал келтірілген.
Тергеу барысында қабылданған шаралар нәтижесінде 23,4 млрд.теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды.
Одан әрі мемлкетке келтірілген залалды өтеу мақсатында айыпталушылардың жалпы құны 39 млрд.теңгені құрайтын 560 қозғалмайтын және қозғалатын мүлік түріне тиым салынды, олардың ішінде 4 аяқталмаған құрылыс объектілері, 68 жер учаскесі, 116 бірінші және екінші сатыдағы объектілер (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңселер, пәтерлер мен басқа объектілер), 197 көлік құралдары, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы 19 үлес, 145 өндіріс құрал-жабдықтары, жалпы сомасы 1 млрд. 100 млн.теңгенің 11 банк шоттары.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің сайты

24 сәуір 2013, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.