Атырау, 2 мамыр 06:48
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

АИ-95 бензинін елдің түкпір-түкпіріне жеткізу кестесі қайта қаралуы мүмкін

384 просмотра

«ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев мұнай өңдеу зауытынан жанармай бекетіне АИ-95 маркалы бензинді жеткізу кестесі қайта қаралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл мәселе бойынша Энергетика министрлігімен және Қазақстан темір жолы компаниясымен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Егер өнімді жеткізу үшін «жасыл дәліз» керек болса, бұл мәселе жедел пысықталады. Дегенмен, еліміздің түкпір-түкпіріне бензин жеткізуге біраз уақыт керек», - деді Д. Макеев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір бұл мәселе бойынша тиісті ұсыныстар пысықталып жатыр.

«Өнімді жеткізуде іркіліс болып жатады. Бұл тұрғыда қандай кемшіліктер бар екеніне қарап, оларды түзетіп жатырмыз. Жалпы, айтылып жатқан сынды мойындаймыз, жұмыс істеп жатырмыз», - деді компания өкілі.

Дмитрий Макеев кейбір жағармай құю бекеттерінде АИ-95 бензинінің жетіспеушілігі логистикаға байланысты екенін айтты.

«Шынымен де кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-95 бензині жетпей жатыр деген ақпарат тарады. Бұл мәселе логистикаға қатысты. Өйткені, жанар-жағармайды еліміздің батысынан оңтүстік өңірлеріне жеткізу екі аптаға созылуы мүмкін. Яғни бензин бар, бірақ тиісті көлемі жолда келе жатыр. Еліміздің аумағы үлкен екенін ескерсек, логистика біраз уақыт алады. Жалпы, біз тиісті техникалық іс-шараларды атқардық, Атырау мұнай өңдеу зауытына өндіріс бойынша ауқымды көлем жүктелді», - деді компания өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Дмитрий Макеев Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары қашан толық іске қосылатынын айтты.

18 шілде 2023, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.