Атырау, 2 мамыр 05:20
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

KEGOC басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

451 просмотра

Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ басшысының электр энергиясы нарығына жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, «KEGOC» АҚ электр энергиясының нарығын нақты уақыт режимінде теңгерімдейтін автоматтандырылған тетікті уақытында іске қоспай қойған.

«Энергетика министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша электр энергиясы нарығын реформалауды қолға алып, саладағы нарықтың жаңа моделін енгізуге бағытталған заң нормаларын қабылдады.

Мысалы, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы және Электр энергиясын нақты уақыт режимінде теңгерімдейтін нарық тетігі енгізілді», - деп жазылған министрліктің мәліметінде.

Ведомствоның түсіндірмесіне қарағанда, бұл тетік мынандай мәселелерді шешуге бағытталған:

- электр энергиясын сатып алу және сату кезінде алыпсатарлық операцияларды болдырмау;

- өнімсіз делдалдарды қысқарту;

- шекарада мемлекетаралық электр энергиясы сальдосының ауытқуын барынша азайту;

- болашақта ел өңірлері арасындағы электр энергиясына тарифтерді теңестіру

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бағдарламалық кешенді іске қосудың есепті мерзімін бұзғаны және бағдарламаның толық жұмыс істеуін қамтамасыз етпегені үшін ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы «KEGOC» АҚ бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартты», - делінген ресми ақпаратта.

17 шілде 2023, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.