Қазақстандықтар сол жерде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алса немесе керемет IT мамандары мен мұнайшылар болса, шетелден жұмыс таба алады деген пікір қалыптасқан. Ағаш конструкцияларын монтаждаушы атыраулықтар бұл пікірді жоққа шығарады. Қазіргі уақытта Құралбек ЗЕЙНОЛЛАЕВ және онымен бірге тағы 15 жерлесіміз Францияда, Дулат БИТАКОВ Испанияда еңбек етуде.
– Ағаш конструкцияларын монтаждау жұмыстары – тәуекелге барудан қорықпайтын, қорқынышқа тік қарап, оны жеңетін нағыз ерлерге арналған мамандық. Бұл мықты күш пен өзіңе деген сенімділік береді. Жұмыс биіктікте жасалады, жоғарыға көтеріліп, тапсырыс берушіге қажет нәрсені жасауға кез-келгеннің батылы бара бермейді, - дейді сеніммен Дулат Битаков.
Дулаттың тәжірибесі мол, 2008 жылы еңбек жолын ағаш конструкцияларын монтаждаушы болып бастаған. Батыс Ескене (Қарабатан), Қашаған, Атырау өзен порты, Trank Line (Қарабатан), «Абу-Даби Плаза» (Астана), Сангачал терминалы (Баку), Теңіз жобасы «KTЛ-SGP-FGP-3GP», LNG plant Сахалин Энерджи, Мурманскідегі Арктик СПГ, Пермьдегі Усольский комбинаты, Атырау химия зауыты, Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс істеді, қазір Испаниядағы химия зауыттарының бірінде жұмыс істейді. Кәсіби шеберлігі, табандылығы, көшбасшылық қасиеті оны айтарлықтай табысқа жеткізді. 50 адамнан тұратын командаға жетекшілік етті. Дулаттың өзі айтқандай, оның жұмысқа деген қызығушылығы мен жаңа қиындықтарды үнемі еңсере білуі жетіле түсіп, мансап баспалдағынан одан әрі көтеруілуіне көмектеседі.
Дулаттың ағаш құрастыру саласындағы мол тәжірибесі, халықаралық нысандарда жұмыс істеген кезде ағылшын тілін үйренуі және APEC Training Center оқу орталығында өткен NCCER біліктілігінің бағалануы оған шетелдік еңбек нарығына жол ашты. Футболға қызығушылығы мол әрі «Барселона» клубының жанкүйері Дулатты Испанияға жұмысқа шақырғанда, ол ұсынысты бірден қабыл алған.
– Шетелде жұмыс істеу көп мүмкіндік береді, соның ішінде еуропалық әріптестермен тәжірибе алмасу, тілді жетілдіру. Еуропада, ана тілінде сөйлейтін адамдардың арасында болғандықтан, ағылшын тілінде еркін сөйлей алатындай үйренгім келеді, - дейді Дулат. Қазақстанда Дулаттың отбасы, екі баласы бар, оларды қатты сағынып жүр екен.
Дулат шетелге шығып жұмыс істеп, алған тәжірибесін халықаралық стандарттарды енгізу арқылы өз елінде қолданғысы келетін жерлестеріне тәуекелге барудан қорықпауға кеңес береді.
Құралбек Зейноллаев та Дулат сияқты өткен жылы APEC Training Center оқу орталығында ағаш монтаждау бойынша NCCER стандартымен бағаланды. Бұл оған Францияға жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Оның 10 жылдан астам еңбек өтілі бар. Оның 5 жылында Мурманск, Сахалин кен орындарында жұмыс істеген, Теңіз кенішінде жасаған тәжірибесі бар. Құралбек қазір Мюлуз қаласында 15 қазақстандықпен бірге жұмыс істейді, оның 8-і Атырау облысының тумасы. Құралбектің айтуынша, Францияда жұмыс жағдайы жақсы, ол аптасына 5 күн 8 сағаттан жұмыс істейді. Жалақысы жоғары. Жұмыс беруші қызметкерлерді көлікпен қамтамасыз етеді және көлік жүргізгені үшін қосымша ақша төлейді. Тіл білуі міндетті емес, бірақ білсе көтермелейді. Ағылшын немесе француз тілдерін білгені үшін қосымша ақы төлейді.
Жігіттер Қазақстанға оралған соң мұнай-газ саласында алған тәжірибесін пайдалануды жоспарлап отыр.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Қ. Зейноллаев пен Д. Битаков жолдаған суреттер