Атырау, 27 қараша 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шетелдіктер үшін туристік жарна енгізілді, бірақ әзірге қалай қолдануды білмей отыр

Сурет
1 055 просмотра

Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы шетелдіктерден туристік жарна алу мәселесін тағы да талқылады. Бұған дейін палатаға қонақүй бизнесінің өкілдері жүгінген еді. Оларда бұл жарнаны қолдану механизміне қатысты көптеген сұрақтар туындады.

Палатаның баспасөз қызметі атап өткендей, бұл жолы жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан РЫСБЕКОВ пен «Атамекен» ҰКП Туризм департаментінің директоры Дәмиля ҚҰНАНОВА қатысты.

Бизнесмендер – шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері қандай құжаттар негізінде туристік жарна төлеуден босатылады; өңірде олардың саны көп болғандықтан, еңбек мигранттарын «bedtax» төлеуден босататын анықтамада қандай ақпарат болуы керек; төлқұжатында жұмыс визасы болмау құқығына ие ЕАЭО азаматтары туристік жарнаны төлей ме; туристік жарнаны уақытында алмаған кәсіпкерлерге қандай шаралар қолданылады, себебі бүгінде жиналған қаражатты жинау, аудару және пайдаланудың нақты механизмі жоқ деген сауалдар туындады.

– Бүгінде бұл барлық өңірлер үшін өзекті болып отырған жүйелі мәселе. Өткен жылдың қараша айынан бастап біз, «Атамекен» ҰКП, біздің салалық министрліктен туристік жарнаны жинау тетігінің барлық кезеңдері бойынша нұсқау хат сұрап келеміз, бірақ әлі алған жоқпыз. Осыған байланысты біз «bedtax» алуды тоқтата тұруға бастама көтеріп отырмыз – нақты тетік енгізілгенге дейін және оны алдымен бірқатар облыста пилоттық түрде енгізуді, содан кейін ғана бұл тәжірибені бүкіл елге таратуды ұсынып отырмыз. – деді Дамиля Құнанова.

Дегенмен, Дастан Рысбековтың айтуынша, туристік жарнаны қолдануды тоқтата тұру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ:

– Бұл процесті тоқтату мүмкін емес деп бірінші рет айтып отырған жоқпыз, ол іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін «bedtax» жинау, аудару және пайдаланудың нақты тетіктері ұсынылатынын атап өткім келеді. Осы уақытқа дейін туристік жарнаны қолдану бойынша кәсіпкерлерге айыппұл салынбайды.

Еске салсақ, шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу ережесі осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Үкімет қаулысымен қолданысқа енгізілген болатын. Кейін Атырау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі №6 шешімімен оның мөлшері бекітілді. Атырау мен Жылыой ауданында болу құнының 5 пайызын, басқа өңірлерде 1 пайызын құрады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ӨКП жолдаған суреттер

14 маусым 2023, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.