13 маусым күні Доссор-Құлсары тас жолының 27-шақырымында Құлсары қаласына бағыт алған Yutong автобусының жанып жатқаны туралы шақырту түсті.
Оқиға орнына келген «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС қызметкерлері өртті сөндірді, алайда бұл уақытта автобустың ештеңесі қалмаған. Бағына орай, салонда жолаушылар болмағандықтан, жүргізуші секіріп үлгерген. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті ТЖД жолдады