Атырау, 27 қараша 22:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жастарға жазда жұмыс табылады

Сурет
1 354 просмотра

Биыл Атырау облысында «Жасыл ел» XIX маусымы аясында 1756 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Атырау облысы бойынша штаб жетекшісі Заманбек ҚҰРАҚБАЙ баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Жасыл ел» жобасымен жастарды уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру бойынша жасақ қызметіне 16 жастан асқан оқушылар, жоғары оқу орындарының және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері тартылады.

Негізгі жұмыс бағыты - аймақты абаттандыру және көгалдандыру: тал суару, ағаш отырғызу, саябақтарды сырлау, балалар алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары.

- Ағымдағы маусымға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Төленетін жалақы мөлшеріне келетін болсақ, жалпы Қазақстанның ең төменгі жалақы көрсеткіші қазір 70 мың теңге. Жасыл ел жасағында осы 70 мың теңге төленеді. Алайда бекітілген салықтар мен міндетті зейнетақы жарнасын, сонымен қатар медициналық сақтандыруды қоса есептегенде, қолға алатын жалақы сомасы 55 440 теңгені құрайды. Биыл кем дегенде 500 NEET санатындағы жастарды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырмыз. Осыдан екі апта бұрын онлайн форматта қабылдау ашылды, әлі күнге дейін түсіп жатыр. Статистика бойынша 2200 адам сұраныс жіберіп, тіркеуден өтті. Алайда бұл адамдардың барлығын бірдей қамти алмаймыз. Себебі біздегі негізгі мақсат 1756 жасты қамту, - деді З.Құрақбай.

Спикердің айтуынша, қазіргі кезде сұраныстың басым бөлігін Исатай және Қызылқоға аудандары құрап отыр. Олардың жалпы саны 400-ден асты.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

14 маусым 2023, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.