Атырау, 30 қыркүйек 22:25
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ғажайып сорпа және басқа өнімдер: Атырауда «Қазақстанның үздік тауары» атты көрме-байқауы өтті

Сурет
1 089 просмотра

Бұл аттас республикалық байқаудың облыстық кезеңі. Облыс әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВ, қонақтар мен көрмеге қатысушылар жергілікті тауар өндірушілер ұсынған тауарларды жоғары бағалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

- Қазір елімізде өнімді өңдеу саласында үлкен маңызды жобалар бар. Мемлекет тарапынан қазіргі кезде көптеген орта және шағын бизнеске қолдау көрсету мақсатында ұлттық жоба бекітілген. Атырау облысы да осы бағытта еліміздің дамуына үлкен үлесін қосып келеді. Қазір облыста 170 мыңнан астам кәсіпкер тіркелсе, оның 400-ден астамы тауар өндірушілер. Әр өндіруші кәсіпорындар осылайша жұмыстарын көрсетіп жатыр. Көрме барысында тіптен Қазақстанда жоқ өнімдер шығарған кәсіпкерлермен де танысып отырмын. Кәсіптеріңіз дами берсін. Атырау облысымыздың бренд ретінде танылуына тілектеспін, - деді ашылу салтанатында М.Мурзиев.

Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан СҮЙІНБАЕВ көрме байқау ретінде ұйымдастырылып, жарыс жеңімпаздары да анықталатынын атап өтті. Көрме-байқауға 60-тан астам кәсіпкер өтінім берген, оның 55-і қазір жарысқа қатысып отыр.

- Биылғы көрменің ерекшелігі — қатысушылардың саны өте көп. Мәселен, былтыр 40-қа жуық адам қатысқан. Тағы бір ерекшелік — «Атамекен» тарапынан «Бір ауыл, бір өнім» көрмесін өткізіп жатырмыз, - деді Н.Сүйінбаев.

Тауарлар қатарында – тағам өнімдері, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп бұйымдары және т.б. қойылған. Мұнда Қазақстанда әлі де шығарыла қоймаған бірегей өнімдер - сиыр, тауық, балық сүйектерінен жасалып, мұздатылған тағамдық коллагенді сорпасы бар.

- Бұл өнім адам денсаулығына пайдалы. Үзбей ішсеңіз, сүйектеріңіз қатайып, қартаю процесін де бәсеңдетеді. Иммунитетіңізді күшейтіп, суық тиюді жеңілдетеді,- дейді «Аspir.kz» ЖК директоры Жанар ӘЖІҒАЛИЕВА.

Көрме-байқаудың қорытындысы бойынша «Ең үздік өнім өндіруші» аталымы бойынша, «JM KZ» ЖШС,«Borkit Safety LLP» ЖШС, «KUANYSH» ЖК марапатталды. «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша «Global Textile Manufacturing» ЖШС,«Достық» пен «Аймурзаева Г.П.» жеке кәсіпкерлігі ие болды. «Ең жақсы тағам өнімі» номинациясы бойынша «Абылай-хан» ЖШС мен «GIANSAR COMPANY» ЖШС және «Найзабеков» ЖК ие болды. 9 қатысушы іріктеліп, республикалық сайысқа жолдама алады. Ал «Бір өнім, бір ауыл» номинациясы бойынша 10 қатысушының ең үздіктері анықталып, арнайы комиссия іріктеуінен өткен соң Астанаға жіберіледі.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті ӨКҚ жолдады

14 маусым 2023, 01:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.