Атырау, 23 қараша 20:43
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

НАТО әскери әуе күштері Германияда аса ірі жаттығуға кірісті

695 просмотра

Дүйсенбі күні Германияда әскери әуе күштері НАТО тарихындағы аса ірі жаттығуға кіріскен. 23 маусымға дейін жалғасатын жаттығу НАТО күшін өзге елдерге, әсіресе Ресейге паш етуге тиіс деп жазады Azattyq.org.

Жаттығуға 20 елдің әскери әуе күштері қатысады. 10 мың жауынгер, 250-ге жуық әскери ұшақ болады. Оның ішінде соңғы үлгідегі F-35 ұшағы да бар. АҚШ Еуропаға 100-ден астам әскери ұшақ жіберген.

Жаттығу барысында НАТО аумағындағы қалаларға, әуежайлар мен порттарға шабуыл жасалған жағдайда дрондар мен қанатты ракеталардан қорғану мәселесі пысықталады.

Германия әуе күштерінің генерал-лейтенанты Инго Герхарц Ресей Қырымды аннексиялағанда осы жаттығу жоспарланғанын, бірақ ол ешкімге көзделмегенін айтқан. Оның сөзінше, НАТО ұшақтары жаттығу кезінде "өзге елдерге, мәселен, Калиниградқа қарай ұшпайды".

"Біз қорғаныс альянсымыз, жаттығудың мақсаты да – сол" деді генерал.

Ресей Украинаға басып кірген соң НАТО стратегиялық тұжырымдамасына Ресейді "қауіпсіздікке қатер төндіретін ел" деп белгілеген.

Бірқатар сарапшы НАТО жаттығуы Украина әскерінің қарымта шабуылына тұспа-тұс келгеніне назар аударған.

13 маусым 2023, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.