Украина қарулы күштері Донецк пен Запорожье облыстарындағы жеті ауылды босата алды. Дегенмен Украина тарапы қарсы шабуыл жоспарын іске асыру қиынға түсіп жатқанын мойындайды. Кахов ГЭС бөгеті қирағаннан кейін су тасқыны құрбандарының саны артты, деп жазады Inbusiness.kz.
Украина Ресей әскерлеріне қарсы шабуыл кезінде Донецк пен Запорожье облыстарындағы жеті елді мекенді азат еткендерін хабарлады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың айтуынша, УҚК 6,5 шақырым жерге алға ілгерілеген, ал бақылауға алынған аумақтың ауданы 90 шаршы шақырымға жеткен.
Украинаның қолбасшылығы ұрыс алаңында қызу шайқастар жүріп жатқанын айтады. Украинаның Ішкі істер министрлігі Кахов ГЭС бөгеті қирағаннан кейін су тасқыны салдарынан кем дегенде 10 адамның қайтыс болғанын растады.