Атырау, 23 қараша 21:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Франция Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырады - Макрон

595 просмотра

Париж Киевке оқ-дәрілер мен әскери техника жеткізуді күшейтуде. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді, деп жазады Іnbusiness.kz

"Біз қару-жарақ, оқ-дәрі, бронды машиналарды жеткізуді арттырдық, сонымен қатар логистикалық қолдауды күшейттік. Көмек беру шаралары алдағы күндер мен апталарда да жалғасын табады", — деді ол Германия канцлері Олаф Шольцпен және Елисей сарайында Польша президенті Анджей Дудамен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Макроның айтуынша, Украинаның қарсы шабуылы мұқият жоспарланған және бірнеше апта немесе айға созылады.

"Біз қақтығыстың басында Украинаға көмектесу үшін бәрін жасадық: Ресейге қарсы санкциялар енгізу және Украинаға өз территорияларын қайтаруға көмектесу", — деді француз жетекшісі.

13 маусым 2023, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.